«№9 орта мектеп» КММ

Мектептің сипаттамасы ,білім беру сапасы, рейтингісі және педагогикалық құрамымен танысыңыз. Содан соң, баланыздың тұрғылықты мекен-жайынсыз 1 сыныпқа қабылдау үшін квотаны алыңыз.
Фото садика
«№9 орта мектеп» КММ | 1
«№9 орта мектеп» КММ | 2
«№9 орта мектеп» КММ | 3
«№9 орта мектеп» КММ | 4
«№9 орта мектеп» КММ | 5
«№9 орта мектеп» КММ | 6
«№9 орта мектеп» КММ | 7
«№9 орта мектеп» КММ | 8
«№9 орта мектеп» КММ | 9
«№9 орта мектеп» КММ | 10
Атауы:

«№9 орта мектеп» КММ

Оқыту тілі:
Қазақша, Орысша
Түрі:
жалпы білім беретін
Бағыты:
Айына төленетін бастапқы құны:
тегін
Құрылған жылы:
1988
Лицензия нөмірі:
Мемлекеттік лицензия – KZ00LAA00008252 24.02.17ж.
Қосымша жабдықтар:
9 интерактивті тақта, интерактивті подиум, жаңа модификациялы химия кабинеті
Телефон:
Web-сайт:
priemnaya_9@mail.ru
Мекен-жайы:
Петропавл, Победа көшесі, үй 5


Қызмет көрсету ауданы:
Қарау керек:
Мекен-жайы Үйлер
ПЕТРОПАВЛ, Ж.КИЗАТОВ КӨШЕСІ
ПЕТРОПАВЛ, ЖУКОВ КӨШЕСІ 1, 3, 5, 5а, 7, 9, 11, 13
ПЕТРОПАВЛ, НАБЕРЕЖНЫЙ КӨШЕСІ 1, 3, 4, 10, 12, 15, 19, 20, 22, 22, 25, 25а, 29
ПЕТРОПАВЛ, ПОБЕДА КӨШЕСІ 3, 3а, 4, 4б, 5, 6, 7, 8, 8а, 14
ПЕТРОПАВЛ, УАЛИХАНОВ КӨШЕСІ 46
ПЕТРОПАВЛ, УәЛИХАНОВ КӨШЕСІ 44, 46а, 48, 48
ПЕТРОПАВЛ, ХИМЕНКО КӨШЕСІ 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 10а, 10б, 12, 14
ПЕТРОПАВЛ, ШУХОВ КӨШЕСІ 3, 4, 5а, 6, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 21, 22
ПЕТРОПАВЛ, ШУХОВ КӨШЕСІ 2, 2а, 2б, 8

Білім беру мекемесі туралы қосымша ақпарат
  • Басшылық Басшылық
  • Бастауыш мектеп Бастауыш мектеп
  • Мектептер рейтингі Мектептер рейтингі
  • Қосымша білім беру бағдарламалары Қосымша білім беру бағдарламалары
  • Жазғы лагерь Жазғы лагерь
БУЛАТБЕКОВА САУЛЕ КАБИЕВНА
Қызметі :
Директор
Жасы:
58 жыл
Бастапқы білім :
ППИ, 1993ж, орыс тілі мен әдебиеті
Категория:
Жоғары
Жалпы педагогикалық тәжірибесі :
29 жыл
Басшының жалпы тәжірибесі :
9 жыл
Марапаттар және айырмашылықтар:
Білім беру басқармасының құрмет грамотасы, 2016 ж., білім беру бөлімі басшысының алғыс хаты, 2016ж., Өрлеу алғыс хаты 2017ж., М.Қозыбаев атындағы униветрситеттен алғыс хат, 2017 ж.
Басшының үндеуі
«№9 орта мектеп» КММ 1988 жылдан бастап жұмыс істеуде. Мектепте жоғары білікті шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі – 65% құрайды, және көбеюде. Мектепте мақсатты жұмыс жүргізіледі, балалардың оқуға деген жоғары ынтасын көтеруге және қызығушылықтарын арттыруды қамтамасыз ететін жағдай жасалған. Сонымен, соңғы екі жыл қорытындысы бойынша мектеп оқушылары қалалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалары конкурстарында 5 бірінші орын, 17 екінші және 15 үшінші орын және 16 алғыс алды. Халықаралық зияткерлік конкурстарға қатысу қорытындысы бойынша мектепте 288 жүлделі орын бар. Көптеген жылдар бойы мектеп командасы «Не? Қайда? Қашан?» конкурсының қалалық турында қала мектептері арасында бірінші орынды иеленуде, ал 2016-2017 және 2017-2018 оқу жылдарында «Үркер» кубогын алды және бірінші орындарға ие болды. Мектепте қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде: соңғы үш жылда ҰБТ тапсырушы түлектердің қатысу пайызы 62 % -дан 78 %-ға көтерілді. ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп Петропавл қаласының жалпы білім беретін мектептері арасында көшбасшылар қатарына қосылды. 30 жыл ішінде мектепте тәрбие жүйесі қалыптасты, ол жалпы идеялар, бірлескен қызмет және адамгершілік қатынастарды жүзеге асырумен балалар мен үлкендерді біріктіреді. Біздің мектептің тәрбие жұмысының басты мақсаты отбасы мен социумның өзара іс-әрекеті аясында денсауылқ сақтау ортасы жағдайында дамыған шығармашылық қарыммен әлеуметтік –бағытталған, жоғары білімді жеке басты қалыптастыру болып табылады.

Соңғы оқу мерзімінің ақпараты
Мектептің жалпы білім сапасы (1-11): 0% ( место из по Петропавл)
Бастапқы сыныптардың білім сапасы (1-4): 0% ( место из по Петропавл)

2018-2019 оқу жылдарында оқушылардың үлгерімі туралы шұғыл түрдегі ақпараты
Сынып
Сынып үлгісі
Оқушылар саны
Үздіктер
Оқу үлегірімі орташа
% сапасы
«Забияки» би үйірмесі
Үйірме бағдарламасы оқушыларды көркем- эстетикалық тәрбиелеуге, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға, физикалық дамытуға бағытталған.
Аталған бағдарламаның мақсаты - би-ырғақтық білім мен дағдыны қалыптастыруға, би өнеріне қызығушылықты дамытуға, хореография саласында жалпы және арнайы түсініктерді қалыптастыру, мектептің шығармашылық өміріне қатысу.

«Дебаттар » үйірмесі
Үйірме бағдарламасы оқушылардыі бір біріне деген сыпайы қатынасы, командада жұмыс істей алу, өз көзқарасын қорғауды қалыптастыруды қарастырады.Жеке бастың креативті қасиеттерін қалыптастыру, тапсырманы жауапты және шығармашылықпен орындауға үйрету. Бағдарлама дебат жүргізудің негіздері мен принциптерін үйретеді.

«Адал Ұрпак»
Аталған бағдарлама бойынша жұмыс оқушылардың құқықтық және азаматтық – патриоттық тәрбиелеуге бағытталған, қоғамдағы сыйбайлас жемқорлық тың болуын қабылдамау сезімдерін қалыптастыру.

«Волшебный квиллинг»
Бағдарлама «қарапайымнан күрделіге» құрылған. Әртүрлі техниканы пайдаланумен қағаздан әртүрлі бұйымдар жасаудың әртүрлі әдістемесі қарастырылады.
Бағдарлама мақсаты –қағаздан жасау көркем тәсіл ретінде квиллингтің техникасын қарапайым тәсілдерін меңгеру процесінде балаларды жан жақты зияткерлік және эстетикалық дамыту.
Балаларды квиллингтің негізгі түсініктері және базалық түрлерімен таныстыру, оқушыларды қағазбен жұмыс істеудің әртүрлі тәсілдерін үйрету. Квиллинг техникасында орындалған композициялар жасау.

«Физика біздің айналамызда»
Курс бағдарламасы 6 сынып оқушыларын күнделікті өмірде кездесетін физика құбылыстарының кең әлемін таныстыруға бағытталған. Үйірме сабақтары оқушылардың табиғат заңдылықтарын тануға қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік береді, оларды физика курсын зерделеуге дайындыққа, лабораториялық жабдықпен жұмыс істей білуге мүмкіндік береді.

«Мәдени мұра»
Курс бағдарламасы қазақ халқының, туған өлкенің мәдени мұрасын зерделеу бойынша «туған Жер» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Оқушыларды патриоттық тәрбиелеу, өз халқының,өз Отанының тарихына құрмет.

«Прометей» туристік үйірмесі
Бағдарлама оқушыларды физикалық дамытуға, жергілікті аймақта спорттық бағдарлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Серуенге шығу кезінде дайындық және тәртіптің негізгі қағидаларын зерделеу. Серуендер және туристік экскурсиялар арқылы өз өлкесіне сүйіспеншілікті қалыптастыру.

«Капитошка» вокальды ән айту
Үйірме бағдарламасы ән салу өнерінде баланың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасауға, оқушыларды эстетикалық тәрбиелеуге бағытталған, оқушыларда ән салу қызығушылығын қалыптастыру, ән салу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Жұмыс тек дарынды балалармен ғана емес, сонымен бірге вокалдық білімдері шамалы балалармен де жұмыс жүргізіледі.

«Көрнекі геометрия»
Курс бағдарламасы қосымша есептер шығаруға бағытталған, олардың көпшілігі ЖОО түсу кезінде және емтихан кезінде қажет. Сабақтан тыс қызмет курсы білімді жаңартудың негізгі бағыттарын еске ала отырып жасалған, 7 сынып геометрия курсын зерделеу кезінде алынған оқушылар білімін және математикалық мәдениетін жетілдіруге бағытталған, басқа пәндерде стандартты емес есептерді шешу кезінде алынған дағдыларды қолдана білуге бағытталған.

Лагерь атауыЛагерь түріClasses