«№16 орталау мектеп» КММ

Мектептің сипаттамасы ,білім беру сапасы, рейтингісі және педагогикалық құрамымен танысыңыз. Содан соң, баланыздың тұрғылықты мекен-жайынсыз 1 сыныпқа қабылдау үшін квотаны алыңыз.
Фото садика
«№16 орталау мектеп» КММ | 1
«№16 орталау мектеп» КММ | 2
«№16 орталау мектеп» КММ | 3
«№16 орталау мектеп» КММ | 4
«№16 орталау мектеп» КММ | 5
Атауы:

«№16 орталау мектеп» КММ

Оқыту тілі:
Орысша
Түрі:
жалпы білім беретін
Бағыты:
Айына төленетін бастапқы құны:
тегін
Құрылған жылы:
1989
Лицензия нөмірі:
№ KZ11LAA00011546 от 20.04.2018г.
Қосымша жабдықтар:
2 интербелсенді тақта, мультимедиялық кешен (компьютер проектормен және штативтегі тасымалданатын экранымен), видеобақылау.
Телефон:
Web-сайт:
b1431.sko.agartu.kz. skool16@mail.ru
Мекен-жайы:
Петропавл, Студенческая көшесі, үй 2б


Қызмет көрсету ауданы:
Қарау керек:
Мекен-жайы Үйлер
ПЕТРОПАВЛ, БЕРЕЗОВАЯ КӨШЕСІ 1, 2, 3, 6, 7, 9, 25
ПЕТРОПАВЛ, БУЛЬВАРНОЕ КОЛЬЦО КӨШЕСІ 9, 11, 15, 27, 31, 39
ПЕТРОПАВЛ, ДАЧНАЯ КӨШЕСІ 3, 8, 11
ПЕТРОПАВЛ, ДОБРОВОЛЬЦЕВ КӨШЕСІ 3
ПЕТРОПАВЛ, ДРУЖБА КӨШЕСІ 5, 6, 7, 12, 25
ПЕТРОПАВЛ, ДУЛЬСКИЙ КӨШЕСІ 3, 8
ПЕТРОПАВЛ, ЗАОВРАЖНАЯ КӨШЕСІ 2
ПЕТРОПАВЛ, ЗВЕЗДНАЯ КӨШЕСІ 27
ПЕТРОПАВЛ, ЗЕЛЕНАЯ КӨШЕСІ 1, 7, 11, 12, 17, 19, 20, 30, 38, 54, 55
ПЕТРОПАВЛ, ЗЕЛЕНОЕ КОЛЬЦО КӨШЕСІ 23, 29
ПЕТРОПАВЛ, КАЗАХСТАНЕЦ КӨШЕСІ 16
ПЕТРОПАВЛ, КЛЕНОВАЯ КӨШЕСІ 10, 16
ПЕТРОПАВЛ, ЛУЧИСТАЯ КӨШЕСІ 7, 9
ПЕТРОПАВЛ, МЕЧТАТЕЛИ КӨШЕСІ 12, 15, 19, 22, 26, 28, 29, 30
ПЕТРОПАВЛ, НОВИЦКИЙ КӨШЕСІ 5, 7, 10, 69
ПЕТРОПАВЛ, НОВОСЕЛДАР КӨШЕСІ 5, 8, 10, 12
ПЕТРОПАВЛ, ПРИБРЕЖНАЯ КӨШЕСІ 2, 10, 19, 33
ПЕТРОПАВЛ, ПРОХЛАДНАЯ КӨШЕСІ 19
ПЕТРОПАВЛ, РОМАНТИКТЕР КӨШЕСІ 11, 12, 14, 15
ПЕТРОПАВЛ, САДОВОЕ КОЛЬЦО КӨШЕСІ 2
ПЕТРОПАВЛ, САФРОНОВ КӨШЕСІ 11, 13, 14, 18, 20
ПЕТРОПАВЛ, СВЕТЛАЯ КӨШЕСІ 2
ПЕТРОПАВЛ, СОЛНЕЧНАЯ КӨШЕСІ 6, 22, 32, 34, 38
ПЕТРОПАВЛ, СОСНОВАЯ КӨШЕСІ 1, 8, 11, 39
ПЕТРОПАВЛ, СТУДЕНЧЕСКАЯ КӨШЕСІ 2, 2б, 3, 4, 5, 6, 17, 19, 27
ПЕТРОПАВЛ, ТЕНИСТАЯ КӨШЕСІ 3, 5
ПЕТРОПАВЛ, УЮТНАЯ КӨШЕСІ 2, 4, 5
ПЕТРОПАВЛ, ЦЕНТРАЛЬНАЯ КӨШЕСІ 4, 5, 6, 8, 21, 22, 24, 26, 46
ПЕТРОПАВЛ, ЭНТУЗИАСТТАР КӨШЕСІ 11, 15, 23

Білім беру мекемесі туралы қосымша ақпарат
  • Басшылық Басшылық
  • Бастауыш мектеп Бастауыш мектеп
  • Мектептер рейтингі Мектептер рейтингі
  • Қосымша білім беру бағдарламалары Қосымша білім беру бағдарламалары
  • Жазғы лагерь Жазғы лагерь
САРСЕНБЕКОВА АЙСЛУ АЛЬТИЕВНА
Қызметі :
Директор
Жасы:
53 жыл
Бастапқы білім :
К.Ушинский атындағы ППИ, Абай атындағы Алматы МУ, ОмМПУ
Категория:
жоғары
Жалпы педагогикалық тәжірибесі :
29 жыл
Басшының жалпы тәжірибесі :
3 жыл
Марапаттар және айырмашылықтар:
Педагогика магистрі «ПШО деңгейлік курсының сарапшысы» Кембридж Халықаралық Сараптамалық кеңесінің ерекше сертификаты; І (озық), ІІ (негізгі), ІІІ (базалық) деңгей бойынша мұғалімдерді оқыту деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері сертификаты; Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академиясының алғыс хаты; Қалалық ББ құрмет грамотасы.
Басшының үндеуі
«№16 орталау мектеп» КММ 1989 жылдан жұмыс істейді. Мектеп шағынжинақталған, негізгі. Оқыту орыс тілінде, екі ауысымда жүргізіледі. Мектептің оқу корпусы 80 орынға арналған 1 қабатты ғимаратта орналасқан, орталық жылыту және сумен қамту, кәріс жүйелері бар. Мектепте жоғары білімді, 50% жоғары және бірінші санатты ұстаздар жұмыс істейді. Осы мектепте алған білімдері түлектерге бәсекеге қабілетті болуға, басқа мектептерде және Қазақстанның ЖОО білім алуларын сәтті жалғастыруға мүмкіндік береді. Жылдар бойы мектепте дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған түрлі саладағы балалар мен үлкендердің бірлескен шығармашылық әрекеті негізінде тәрбие жұмысының жүйесі қалыптасқан. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасқан деңгейі олимпиада, түрлі дәрежедегі сайыстар мен спорттық іс-шараларда жүлделі орын иеленуге мүмкіндік береді. 12-жылдық білім беруге көшу жұмыс жоспарына сәйкес, білім және ғылым Министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы №358 бұйрығымен бекітілген, 2015 жылғы қыркүйек айында Қазақстанның 30 мектебінде пилоттық ендіру және орта білім мазмұнын жаңарту басталды. Сол 30 мектептің бірі «№16 орталау мектеп» КММ. 2017-2018 оқу жылында мектепте 3-сыныпта бастауыш білімнің мемлекеттік жалпыға ортақ стандартын, типтік оқу бағдарламарын және жаңартылған оқу бағдарламаларын, сынамалық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін, пилоттық режимде оқыту сапасын жүйелі мониторинг өткізуі бойынша сынау жүріп жатыр. Сынақ жүргізу бағытталған: – жаңа оқыту әдістерін, критериалды бағалау жүйесін, білім сапасын бағалау жүйесін жетілдіруге және тәжірибелік сынауға; – білім беру мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер және цифрлық білім беру ресурстарын; – жаңа пәндер енгізу және пәндеік оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша түпкілікті нәтижелерді алу. Білім беру мазмұнын жаңартуды сынау осы үдерістің мониторингімен бірге жүреді, себебі жалпы білім беретін мектептерге енгізу жаңалықтардың тиімділігін анықтау үшін алдын-ала жүргізілген зерттеу жұмыстары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Оқу жылы бойы сынау үдерісін мониторингілеу барысында жиналған ақпарат проблемаларды анықтау және талдау үшін қолданылады. Жинақталған ақпарат оқу процессін ұйымдастыруды жетілдіру үшін, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының мазмұнын және құрылымын, бағалау жүйесін, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін, мұғалімдер мен мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарын жетілдіру үшін қолданылады. 3-сыныптың оқу бағдарламалары білім алушының нақты оқу мақсатына жетуіне және белгілі білім көлемін алуға, сол білімін оқу және өмірлік мәселелерді шешу біліктіліктерін дамытуға бағытталған. Жаңартылған бағдарлама білім алушыларда «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «еңбек және шығармашылық», «ынтымақтастық», «өмір бойы білім алу» сияқты ұлттық және жалпы адами құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Пилоттық мектептің 3-сыныбында «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Математика», «Жаратылыстану», «Қоршаған ортаны тану», «Өзін-өзі тану», «Дене шынықтыру», «Көркем еңбек» оқу пәндерін оқыту, сонымен қоса тілдерді деңгейлеп оқыту «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі» жалғасады. 1-сыныптан «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» атты жаңа оқу пәні енгізілген.

Соңғы оқу мерзімінің ақпараты
Мектептің жалпы білім сапасы (1-11): 0% ( место из по Петропавл)
Бастапқы сыныптардың білім сапасы (1-4): 0% ( место из по Петропавл)

2018-2019 оқу жылдарында оқушылардың үлгерімі туралы шұғыл түрдегі ақпараты
Сынып
Сынып үлгісі
Оқушылар саны
Үздіктер
Оқу үлегірімі орташа
% сапасы
Функционалдық сауаттылық
Түрлі әлеуметтік және тұлғааралық қарым-қатынас саласында өмірлік міндеттерді шешу үшін мектепте алған білім, білік, дағдыларын пайдалану қабілеттерін дамыту.

Ритмика
Қозғалыс біліктері мен дағдыларын, мәнерлі би қозғалыстарын, музыкалылығын дамытады, кеңістікте жөн таба білуге үйретеді. Тұлғаның ерік күшін және психикалық үрдістерін, адамгершілік-коммуникативтік қабілеттерін дамытады.

Ертегілер әлемінде
Қазақ тілін қарым-қатынас аспабы ретінде қолдануға үйретеді. Оқушылардың тілдік қабілеттерін дамытып, мәдениеттану білімдерін кеңейтіп, мәдениетаралық құзіреттілігін құрастыруға мүмкіндік туғызады. Оқылатын елдің дүниелік мәдениеті және салт-дәстүрлерімен танысады.

Абайтану
Ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын толық игерту, Абай поэзиясының құдіретін таныту, ақын шығармашлығын әлем әдебиетімен салыстыра білу. «Абайтану» курсы оқушылардың осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту. Абай өлеңдерінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну.

Би
Би қозғалыстары дағдыларын дамыту, музыканың түрлі сипатына сәйкес мәнерлі және ритмикалы қозғалуын дағдыландыру, коммуникативтік дағдыларды, ерік, жігер, мінезді қалыптастырады.

Музыка
Музыкалық қабілеттерін дамыту, ән айту дағдыларын игерту, музыкалық ой-өрісін кеңейту, ән тыңдаудан алатын эстетикалық ләззат сезімін, музыкаға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Қызықты психология
Оқушылардың танымдық қабілеттерін: жады, зейін және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сабақтағы тапсырмалар мен жаттығулар оқушыларға алған білімдері мен біліктерін оқу барысында пайдалануға мүмкіндік береді. Бала тұлғасының коммуникативтік дағдыларын дамытады. Оқушылар өздерінің және басқа адамдардың сезімдерін сипаттауға және анықтауға үйренеді. Оқушылар айналадағылармен тиімді, жанжалсыз қарым-қатынас жасауға үйренеді.

Зайырлық және дінтану негізі
Білім алушыларды «зайырлылық» принципін құндылық, яғни мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету. Оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру. Білім алушыларды діни сенім бостандығын құрметтеуге, толеранттылыққа баулу арқылы қазіргі қоғамдағы діни ағымдарға зайырлылық принципі негізінде баға беру дағдысын қалыптастыру. Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық нәтижесі ретінде таныта отырып, білім алушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу.

Лагерь атауыЛагерь түріClasses