Мектеп 1952 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі уақытта «№26 мектеп-балабақша»КММ деген атауы бар. Оқу мекемесінде жоғары кәсіби мұғалімдер жұмыс істейді, олардың 56% - бірінші және жоғары санат мұғалімдері. Мектеп оқушыларының қалыптасқан функционалдық сауаттылықтары әртүрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, спорттық сайыстарда, олимпиадаларда жүлделі орындар алуға мүмкіндік береді. Мектеп түлектері ҰБТ жоғары нәтижелер көрсетіп, Қазақстанның және ТМД елдерінің жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырады. Осы уақыт аралығында әртүрлі бағыттар бойынша балалар мен үлкендердің бірлескен шығармашылық қызметі негіз болған тәрбие жұмысының жүйесі қалыптасты. Мектеп дәстүрлерін негізге ала отырып мұғалімдер өзін-өзі білімін жетілдірумен айналысып, әр баланың дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Біздің оқушыларымызда еліміздің рухани байлығын көрсете білетін жақтары ерекше. Педагогикалық ұжымның барлық бағыттағы жұмыстары оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бағытталып, келешекте өз орнын тауып табысты болуға жетелейді.